Жаңалықтар

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 21.09.2023 15:23 674

Елордадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айтулы бәсекеге Қазақстан, Словакия, Швеция, Жапония, Финляндия және Ұлыбритания командалары қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, следж-хоккейден ұлттық құрама өткен жылғы С пулындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, В тобына жолдама алған еді.

Біз «B-Pоol» жарысына алғаш рет қатысамыз. Астана қаласының құрама командасынан құралған хоккейшілер мұндай мүмкіндікке өткен маусымда Тайландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алған соң ие болдық. Жалпы Қазақстанда пара хоккейді дамыту бағдарламасын бес жыл бұрын ғана бастаған болатынбыз. Содан бері жергілікті демеушілер мен ұйымдардың назарын аударып, ұлттық құраманың қалыптасуына көмектесті, - деді команда мүшесі Қайрат Сабыров.

Айта кетейік, «B-Pоol» пара хоккейден әлем чемпионаты Азияда үшінші рет өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға