Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде отандық балуандар қалай өнер көрсетті?

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде отандық балуандар қалай өнер көрсетті?
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық балуан Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Грузия өкілі Иури Ломадземен кездесті. Грузиялық балуан 6:3 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам Евлоев (97 келі) және Олжас Сырлыбай (130 келі) қарсыластарына жол берген еді. Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Болгария өкілі Кирил Миловқа жол берді.

Сондай-ақ Олжас Сырлыбай 130 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Иран өкілі Фардин Хедаятимен кездесіп, 8:0 есебімен жеңіліп қалды.

Оқи отырыңыз