Астанада Отан қорғаушы күніне арналған плац-концерт өтеді

 Sarbaz.kz
Фото: Sarbaz.kz

Астана қаласындағы Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушы күніне арналған плац-концерт өтеді.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, іс-шара аясында көрермендерге әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары да сахналанады.

Плац-концертке  Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі,  Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы,  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және  Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысады.

Оқи отырыңыз