Жаңалықтар

Астанада өрт шыққан үйден 30 адам құтқарылды

Астанада өрт шыққан үйден 30 адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 02.03.2024 20:03 503

Елордалық өрт сөндірушілер 30 адамды, оның ішінде 15 баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 18:38-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Нәжімеденов, 39 мекенжайы бойынша төртінші қабаттағы пәтердегі өртке шықты.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен қазіргі уақытта 30 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала, 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды.

30 шаршы метр алаңдағы өрт сағат 19:29-да сөндірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға