Жаңалықтар

Астанада оқушылардың тамағына бөлінген ақшаны жымқырған мектептер анықталды

Бөлінген қаражат қызметкерлерге таратылған
Астанада оқушылардың тамағына бөлінген ақшаны жымқырған мектептер анықталды
Фото: sn.kz 13.01.2023 19:19 1100

Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, мектептегі балалардың тамағына бөлінген қаражатты тиімді иегеруге қатысты мәселе бар. 2021 жылы қаржыландыру жоспары бойынша 1 млрд теңге қарастырылған.

Білім беру басқармасы нысандарының шын мәніндегі шығыстары 264 млн теңге болды. Сондықтан №60 мектеп-лицейі – 108 млн теңгені, №37 мектеп – 59 млн теңгені, №72 мектеп-лицейі – 31 млн теңгені, №22 мектеп 4 млн теңгені бюджетке қайтаруы керек. Өйткені бұл қаражат бюджеттен тек балалардың тамағына бағытталған.

1,1 млрд теңге білім беру нысандарына берілді. Тиімсіз игеру бойынша айырмашылық 815 млн теңгені құрап отыр. Егер қағаз жүзінде 264 млн теңге расталып жатса, онда осы соманы ғана беріп, қалған ақшаны бюджетке қайтару керек. Оны қайтарудың орнына, олар сыйақы, үстемеақы ретінде игерген. Біз осында әр тиынды санап отырсақ, аталған нысандарда сыйақыға миллиондап қаражат бөліп жатыр, - деді Ерлан Каналимов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға