Жаңалықтар

Астанада Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған бильярд турнирі өтеді

Астанада Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған бильярд турнирі өтеді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.03.2024 17:13 309

Сәуірде Астана қаласында көрнекті тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған дәстүрлі бильярд турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнирге телевизия мэтрінің жақын достары, әріптестері мен шәкірттері қатысады. 

Жарысты ұйымдастырушы - белгілі журналист Нұрділдә Ораз бен ASSYLTAS қоғамдық қоры. 

Айта кетейік, биыл аталған турнир төртінші мәрте өткізілмек. Ең алғаш 2021 жылы басталған.

Еске салып өтсек, Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға