Жаңалықтар

Астанада Нұрмағамбетов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Нұрмағамбетов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.09.2023 13:47 943

Астана қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында С.Нұрмағамбетов көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 10-15 қыркүйек аралығында Айнакөл көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға