Жаңалықтар

Астанада «Nobel Fest» әлемдік ғылыми фестивалі басталды

Астанада «Nobel Fest» әлемдік ғылыми фестивалі басталды
Фото: ©El.kz/Данияр БЕЙСЕМБАЕВ 05.10.2023 21:48 735

Бүгін Астанада «Жасанды интеллект әлемінде болашақты таныстыру» тақырыбында Nobel Fest бірінші сессиясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми фестивальдің барлық қонақтары мен спикерлерін құттықтай отырып, білім және ғылым саласындағы технологиялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанда Google компаниясымен бірлесіп, 14 ЖОО базасында біз жасанды интеллект бойынша пилоттық курсты іске қостық. Егер бұл курс жеткілікті табысты болса, келесі жылдан бастап ол Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында оқытылатын болады, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, жиында Қазақстан тарапынан М. Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова, Nobel Fest негізін қалаушы және бас директоры Мақсат Құрбенов, COVID-19 вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закария және т.б. сөз сөйледі.

Ертең, 6 қазанда фестивальдің екінші күні және әйгілі пианист Ратовичтің концерті өтеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға