Жаңалықтар

Астанада Наурыз мерекесінде қайда баруға болады?

Астанада Наурыз мерекесінде қайда баруға болады?
Фото: assembly.kz 21.03.2023 09:24 4735

Алдағы Наурыз мерекесіне орай, Астана қаласында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Елорда тұрғындары мен қонақтары қойылымдарға, көрмелелерге, концерттерге, фестивальға, жәрмеңкеге қатыса алады. Ендеше, назарларыңызға сол шаралардың тізімін ұсынамыз:

16-28 наурыз күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Сәкен Сейфуллин мұражайында «Қош келдің – әз-Наурыз» атты мерекелік көрмені тамашалай аласыздар.

21 наурыз күні сағат 19:00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Әнім сен едің» атты концерт өтеді. Сахна төрінде жетекші солистер, жас әрі талантты орындаушылар, заманауи эстраданың танымал жұлдыздары қазақтың белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындайды.

21 наурыз күні сағат 13:00-де ЭКСПО-ның қасындағы Nur Alem сферасының жанындағы ашық алаңда «Наурыз мейрамы» атты көшпелі өркениет фестивалі ашылмақ. Сонымен қатар 22 және 23 наурызда сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін барып қатысуға болады. Фестиваль аясында мерекеге орай Астана қаласының тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу жоспарда бар.

Фестиваль қаланың басқа аудандарында да өтеді. Қазақ Елі монументінің алаңы мен қалалық алаңға 21 және 22 наурыз күні сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін, 23 наурызда 11:00-ден 14:00-ге дейін қатыса аласыздар.

22 наурыз күні Музыкалық жас көрермен театрынан сағат 16:00 мен 19:00-де «Абай-Тоғжан» музыкалық драма қойылымын тамашалай аласыздар. Спектакльде жас Абайдың Тоғжанға деген риясыз махаббаты көрсетіледі.

22 наурыз күні сағат 19:30-да Филармония залында Тоқтар мен Бейбіттің мерекелік жаңа ән кеші өтеді. Әншілердің әсем әнін тыңдап, мерекені көңілді өткізуге болады.

21-23 наурыз аралығында ЭКСПО халықаралық көрме орталығының жанында орналасқан «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі өтеді. Аталған жәрмеңкеде халықтың назарына этностильдегі киімдер, зергерлік бұйымдардың, киіз бен жібектен жасалған заттар мен кәдесыйлардың жаңа топтамасы ұсынылады. Астаналықтарға тауар өндірушілердің жаңа өнімдерін тиімді бағаға сатып алуларына мүмкіндік бар. Жәрмеңкеге 21 наурыз сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін, 22 және 23 наурыз күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге қатысуға болады.

23 наурыз күні Музыкалық жас көрермен театрында көрерменнің көзайымына айналған Дулат Исабековтың шығармасы негізіндегі «Гауһартас» музыкалық-драмалық қойылымының премьерасы өтеді. Қойылымнан Салтанаттың күйеуі Тастанға деген махаббаты мен Қайыркеннің жеңгесі Салтанатқа деген сезімін көруге болады. Спектакль сағат 15:30-да басталады.

23 наурыз күні Astana Opera сахнасында Л.Н. Толстойдың туындысы негізінде Борис Эйфманның «Анна Каренина» атты балет қойылымы өтеді.

Астаналық көрермендер үшін арнайы Санкт-Петербургтен әкелінген декорациялары бар Борис Эйфман театрының 60 әртісінен тұратын труппа өнерін паш етеді.

23 наурыз күні сағат 17:00-ге Жастар сарайында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама – «Магия степи» атты иллюзия және музыка шоуы жспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға