Жаңалықтар

Астанада Наурыз көже жасау бойынша Қазақстан рекорды орнады

Астанада Наурыз көже жасау бойынша Қазақстан рекорды орнады
Фото: Астана әкімдігі 22.03.2023 20:31 1031

Елордада Наурыз мерекесіне орай әзірленген ұлттық тағам рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан рекорды орнатылғанын куәландыратын сертификат Астана әкімдігіне және Байқоңыр ауданының әкімдігіне берілді. Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды. Рекорд 2023 жылдың 22 наурызында тіркелді.
Ұлттық қазынаға айналған дәмді дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнады. Оған жүздеген килограмм бидай, күріш және ет жұмсалды. Ататүрік саябағында өтіп бара жатқан адамдарға дайын өнім ұсынылды.

«Екі тоннадан астам наурыз көже — абсолютті рекорд. Бұрын бұл көрсеткіш түркістандықтарға тиесілі болатын. Екі жыл бұрын олар 2 мың литр наурыз көже пісірген. Бүгін бұл рекорд ресми түрде жаңартылды», — деді Гиннестің аймақтық қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Аспазшы Гүлнәр Жұмабекованың айтуынша наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі бас-аяғы 10 қазанда дайындалған. Ал осыдан кейін олар 95 литр болатыр 20 бидонға құйылды.

Естеріңізге сала кетейік, мереке күндері елорданың саябақтары мен алаңдарында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Ашық алаңдарда тарихымыздың ұлы тұлғаларына арналған киіз үйлердің көрмесі ашылды. Мұнда қазақстандық эстрада жұлдыздарының, қала әртістерінің және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.
Мереке қонақтарына бауырсақтар, ыстық тағамдар мен басты тағам – наурыз көже үлестіріледі.

Сондай-ақ, ашық аспан астында мерекелік көңіл күй сыйлау үшін түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақан дайындалды. Жекелеген спорт алаңдарында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға