Жаңалықтар

Астанада мешіттен аяқ киім ұрлаған адам анықталды

Астанада мешіттен аяқ киім ұрлаған адам анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.05.2024 10:52 345

Астана қаласының тәртіп сақшылары елорда мешіттерінің бірінде аяқ киім ұрлап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қала тұрғыны полицияға аяқ киімінің ұрланғаны туралы арызданған. Ер адам елордадағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның құны 30 мың теңге тұратын кроссовкасын ұрлап кеткені жайлы айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған 28 жастағы ер адамды анықтады. Кадрларда оның сөренің жанындағы аяқ киімге қарап тұрғанын көруге болады. Өзіне ұнаған аяқ киімді таңдап алып, оны киіп мешіттен шығып кеткен. Ер адам кінәсін мойындады, оның Астанада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына қатысты тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада. 

Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға