Жаңалықтар

Астанада «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау аяқталды

Астанада «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау аяқталды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 18.06.2024 14:18 376

Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінім қабылдау аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып

Конкурстың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты некенің маңыздылығын мойындау; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Биыл 238 отбасы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырды. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар, көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, еңбек адамдары және шығармашыл әулеттер қатысып отыр.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

Қосымша ақпарат алу үшін:
8 701 111 13 46;
8 702 202 00 77;
8 7172 55 67 08;
8 7172 55 67 01.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға