Жаңалықтар

Астанада «Менің Қазақстаным!» атты ән кеші өтеді

Астанада «Менің Қазақстаным!» атты ән кеші өтеді
Фото: Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасы 11.05.2023 17:06 1432

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы мамыр айының 25-сі күні сағат 20:00-де Астана қаласы «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Менің Қазақстаным!» атты жанды дауыста концерт өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеш Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының құрылғанына 60 жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттауға бағытталған.

Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасының мәліметінше, көрермен онда «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алаш» вокалды аспаптар ансамблі, «Яссы», «Фараб» би ансамбльдері және филармония әншілерінің өнерін тамашалай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға