Жаңалықтар

Астанада медициналық қалдықтар тасталған ірі қоқыс үйіндісі табылды

Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Астанада медициналық қалдықтар тасталған ірі қоқыс үйіндісі табылды
Фото: liter.kz 26.12.2022 21:07 1324

26 желтоқсанда МЕТРО гипермаркетінің жанындағы «Нұрлы жол» вокзалының ауданында медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды.

«Тексеру барысында полигонның көлемі шамамен 50 м3 құрайтындығы анықталды. Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы материал тіркеді. Бұдан әрі қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға