Жаңалықтар

Астанада мас ер адам аялдаманың есігін сындырды

Астанада мас ер адам аялдаманың есігін сындырды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.03.2024 20:08 339

Елордада ер адам мас күйде аялдаманың кіреберіс есігінің әйнегін сындырды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 қаңтарда сағат 02:00-де мас күйінде астаналық аялдаманың кіреберіс есігінің әйнегін қасақана қолымен ұрып, сындырды.

Cодан кейін ол залалды өтеуге мәжбүр болды. Полиция 30 жастағы бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен оған 20 АЕК (73 840 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Биылғы наурыз айының басынан бері соттар мүлікті бүлдіргені, қоғамдық орындарды қорлағаны үшін 8 азамат жауапқа тартылды, жалпы сомасы 546 мың теңгеге 9 іс қаралды.

«Тоқта, вандал» акциясы аясында Астанада күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қосылды.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға