Жаңалықтар

Астанада мас азамат жүк көлігін ұрлап, кейін кабинасында ұйықтап қалған

Астанада мас азамат жүк көлігін ұрлап, кейін кабинасында ұйықтап қалған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.11.2023 11:30 600

Астанада мас азамат жүк көлігін ұрлап, кейін кабинасында ұйықтап қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны Ивеко көлігінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ер адам айтқандай, көлікті Кербұлақ жолындағы үйдің жанында қалдырған. Ұрланған көлікті іздеуге полицияның тиісті қызметтері жұмылдырылып, жедел іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Республика даңғылының бойында ұрланған жүк көлігін тапқан.

Белгілі болғандай, аталған көліктің ішінде масаң күйде оны тізгіндеп кеткен ер азаматтың  ұйықтап жатқанын анықтап, тиісті шара қабылдаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 37 жастағы Астана тұрғыны түнде тұрғын үйдің жанынан есіктері ашық қалған жүк көлігін көріп, жолға шығуға шешім қабылдап, көлікті ұрлап кеткен.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталып, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға