El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Астанада Мәңгілік Ел және Түркістан көшелері уақытша жабылады

21.06.2025 13:12 6851

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульвары бойында жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Осыған байланысты  21-22 маусым аралығында жол қозғалысында шектеулер болады: алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, сосын Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаске толық жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз, - делінген хабарламада.