Жаңалықтар

АСТАНАДА ҰЛТТЫҚ ӘЙЕЛДЕР БАСКИІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

АСТАНАДА ҰЛТТЫҚ ӘЙЕЛДЕР БАСКИІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
15.12.2018 03:51 4432

Елордалық Достық Үйінде Қазақстанның түрлі этностарының әйелдер бас киімдері көрмесі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы ҚХА Хатшылығы ұйымдастырған шараға 11 этномәдени бірлестік, Төраға Яннат Низамутдинова бастаған қалалық аналар кеңесі, сондай-ақ Башқұртстан Республикасының «Шаңырақ» қазақ мәдениеті орталығы» аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Асқар Күзембаев қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген қызығушылықты қалыптастыру және таныстыру, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау.

Яннат Низамутдинованың айтуынша, бас киім – әйел гардеробының маңызды элементі. Сондай- ақ ол жастар еліміздің әрбір халқының тарихын, мұрасын зерделеуі керек, өйткені тарих – бұл халықтың қазынасы. Фестиваль рухани және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерге ерекше қарым-қатынасты тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

Дефиледе славян, Еуропа, Шығыс және Кавказ халықтарының ұлттық бас киімдері көрсетілді. Бұл әшекейлердің әртүрлі элементтері бар орамалдар, тақиялар, пішінді бас киімдер. Олардың әрқайсысы өзінің ерекше сұлулығымен көзге түсті, бірақ сонымен қатар қарапайымдылықпен таңқалдырды.

 

Ертеде әйелдер бас киімдері қыз балаларға және тұрмыс құрған әйелдерге бөлінетін болған. Олар шашақпен, әшекей тастармен, бисер кестемен, пайеткалармен, сәндік тиындармен безендіріліп, мақтадан, шыттан, атластан немесе жібектен тігілетін.

Әйелдер бас киімінің эволюциясы туралы «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Сергей Садықов өз сөзінде біздің әжелерімізді әсемдеп қана қоймай, оларды бәденді ететін қазақша кимешекке назар аудартып, жастарға осындай бас киім киіп жүру – құрмет пен ұмтылысты тәрбиелейтінін айтып өтті.

Дизайнер қазіргі заманғы ұлттық костюм өзгергенін айта келе, оның жетілдірілген сәндеу алғышарттарын, таспен көмкеру немесе басқа да декор элементтері бар екенін атады. Дегенмен ол ұлттық бас киімдерінде ою-өрнектердің сақталғанын байқатып, олар терең мағынаға ие, өз кезегінде бойтұмар іспеттес дегенді жеткізді.

«Қазақ мәдениеті бай. Біз осындай іс-шаралардың арқасында оны қайта жаңғыртып, зерттеуді бастаймыз. Әжелердің мәдениеті осында қайта жанданып келеді, біз мұны өскелең ұрпаққа достық үйінің арқасында жеткізуіміз керек», – деді Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі.

Оның айтуынша, қазақстандық мәдениет әлемдік аренада ұлттық костюмдер ұлттық колоритте кеңінен ұсынылады. Бұл киімде қабырғалық, жартастағы суреттер, қауырсындар, үлбірлер, тастар, ұлттық өрнектер болуымен ерекшеленеді. Шетелде насихатталатын қазақстандық мәдениет оң пікірлерге ие.

Дизайнердің пікірінше, ұлттық бас киімдер күнделікті өмірде қолданылады. Мысалы, ересек ер адамдар тақия киеді. Олар біздің мәдениетімізді насихаттайды. Сондай-ақ ұлттық ою-өрнектері бар орамалдар. Әрбір этноста  орамалдың болуына қарамастан, ұлттық ою-өрнек ерекше элемент болып табылады, бұл адамдардың қызығушылығын тудырады.  Сергей Садықов айтқандай, бүгінгі күні ұлттық бас киімдер кешкі киім үлгісінің элементі бола алады және бейнеге керемет көрініс енгізе алады.

 

Фестиваль қаланың этномәдени бірлестіктерінің музыкалық қойылымдарымен сүйемелденді. Шара соңында дефиле қатысушылары сертификаттармен марапатталды, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі шараларына белсенді қатысқан аналар Кеңесінің мүшелеріне алғыс хаттар мен дипломдар табыс етілді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға