Жаңалықтар

Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске қойылды

11.06.2025 17:24 3576
Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске қойылды

Астанада әуежай маңындағы №101 бастапқы станцияда жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің алғашқы вагондары рельске орнатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2025 жылғы 11 маусымда аталған станцияда жеңіл рельсті көлік құралының алғашқы құрамы – екі вагоннан тұратын пойыз сәтті көтеріліп, рельске қойылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Құрамды көтеру жұмыстары жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің құрылысы аясында жоспарлы іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Вагондар сынақ іске қосу жұмыстары басталғанға дейін осы станцияда болады. Тестілеу 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Бұған дейін LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілгені туралы жазғанбыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға