Жаңалықтар

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді
Фото: ҚР ҰОК 11.01.2024 17:15 599

Астана қаласында 1-5 ақпан күндері ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ел біріншілігі ұйымдастырылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген спортшылар қатысады. Айтулы бәсекеде елордалық бозкілем шеберлері де бақ сынайды.

Аталған турнирден соң Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болмақ.

Айта кетелік, ресми ақпарат бойынша, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков пен грек-рим күресінен команда мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов ел чемпионатынан босатылды. Екі балуан да Париж Олимпиадасына жолдама алғандықтан, олар мақсатты түрде дайындыққа кіріспек.

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға