Жаңалықтар

Астанада көшенің ортасында автобус өртенді

Астанада көшенің ортасында автобус өртенді
Фото: Видеодан алынған кадр 30.03.2024 19:08 503

Астанада 30 наурыз күні Қабанбай батыр даңғылының бойында - цирк маңында автобус отқа оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:27-де аттанған.

Өрт қоғамдық көліктің қозғалтқыш бөлігінен шыққан. Өрт сағат 14:35-те ауыздықталып, араға бес минут салып толықтай өшірілді, - делінген мәліметте.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға