Жаңалықтар

Астанада көшеге Асқар Забикулин есімі берілді

Астанада көшеге Асқар Забикулин есімі берілді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 18.10.2023 19:46 551

Құтқарушылар күні қарсаңында Астана қаласы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші  Асқар  Серікұлы Забикулиннің аты берілген көшенің ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен Астана қаласындағы көшелердің біріне ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Асқар Забикулиннің есімі беріліп, естелік тақтайша орнатылған. 

Астанада көшеге Асқар Забикулин есімі берілді
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Көшенің ашылуына Асқар Забикулиннің туыстары, жолдасы мен балалары жәнет азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Астана қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Іс-шара барысында Асқар Забикулиннің жақындары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды

Астанада көшеге Асқар Забикулин есімі берілді
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин өрт сөндіру кезінде 3 адамның өмірін құтқарып, алған ауыр жарақаттан 20 қараша күні ауруханада көз жұмған болатын. Оның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Астанада көшеге Асқар Забикулин есімі берілді
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Астанада көшеге Асқар Забикулин есімі берілді
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға