Жаңалықтар

Астанада көшеде дрифт ұйымдастырған адам қамауға алынды

Астанада көшеде дрифт ұйымдастырған адам қамауға алынды
Фото: © Pixabay.com 15.09.2024 02:32 582

Астанада дрифт ұйымдастырған адам қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Ә.-ге қатысты іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарынан Ә. жолдың жүріс бөлігінде көлік құралын басқара отырып, жол қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпті маневрлер жасаған.
Сот отырысы барысында құқықбұзушы Ә. өз кінәсін толық мойындады.

Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайлары бейнежазбамен, полиция инспекторының баянатымен, жауапқа тартылушының жазбаша түсіндірмелерімен расталды.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін және жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық тәртіпке қол сұғатын жасалған құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, құқық бұзған азаматты тәрбиелеу, сондай-ақ тәртіп бұзудың алдын алу мақсатында Ә. сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға