Жаңалықтар

Астанада коронавирустың жаңа штамы анықталды

Мамандар жаңа штамм өте жұқпалы екенін атап өтті
Астанада коронавирустың жаңа штамы анықталды
Фото: pixabay.com 07.12.2022 13:07 967

Желтоқсан айының басынан бері Астанада коронавирус инфекциясының 322 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Науқастардың 167-сі егілген, оның ішінде 117 адам екінші компонентті алған. 50 адам ревакцинацияланған.

«Қазақстан үшін жаңа субгенетикалық BQ.1.1 желісі, «омикрон» штаммының «Cerberus» бейресми атауы ашылды. Ауру көрсеткіші өсу үрдісімен байқалады. Естеріңізге сала кетейік, «цербер» штамы алдыңғы нұсқалардың бірі – омикронның тармағына жатады», деді баспасөз мәслихатында елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.

Мамандар жаңа штамм өте жұқпалы екенін атап өтті. Жаңа ковид мутациясының белгілері ЖРВИ белгілерімен бірдей: жоғары қызба, буындардың ауыруы және әлсіздік. Бұл ретте мамандар «цербер» адам өміріне ерекше қауіп төндірмейтінін айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға