Жаңалықтар

Астанада көпқабатты үйден секіргелі тұрған 17 жастағы жігіт құтқарылды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Астанада көпқабатты үйден секіргелі тұрған 17 жастағы жігіт құтқарылды
Фото: polisia.kz 16.01.2023 18:21 946

Елордалық полицейлер жасөспірімді көпқабатты үйден секіргелі тұрған жерінен құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полицияның "102" арнасына сағат 13.00-де куәгерлерден Қалдаяқов көшесіндегі үйдің 15-ші қабатында ер адам терезеден аяғын салбыратып, секіруге тырысып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.
 
Оқиға орнына аға лейтенант Айбек Дүйсенов пен капитан Мұратбек Омарбековтен құралған Астана қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің жасағы дереу жіберілді. Полиция қызметкерлері тез арада қабатқа көтеріліп, есіктерді қаға бастаған. Оқиға орын алған пәтердің есігін қыз ашып, болып жатқан жағдай туралы полицейлерден естіген. Қалыптасқан жағдайды бағдарлай отырып, тәртіп сақшылары пәтерге жүгіріп кірген және жігіттің қозғалған сәтін пайдаланып, терезені ашып, оны ішке қарай тартып кіргізген.

17 жастағы жігітті мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталуда. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыс жүргізілді және ол заңды өкілдеріне табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға