Жаңалықтар

Астанада Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Фото: © El.kz/Арман МҰХАТОВ 28.08.2023 17:37 1135

Елімізде 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күні атап өтіледі. Осыған байланысты Астанада бірқатар мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Конституция күніне орай елордада 51 мәдени бұқаралық, спорттық, 5 әлеуметтік іс-шара өтеді. Оның ішінде 3 ірі іс-шара ұйымдастырылады.

28-29 тамыз күндері Есіл ауданы әкімінің аппараты Көп балалы аналарды құттықтау, «Алтын» және «Күміс алқа» төс алқаларын табыс ету іс-шарасын өткізеді.

29 тамыз күні «Үздік» жобасы аясында ҚР Конституциясы күніне арналған техникалық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жұмыс істейтін жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар арасында сайыстар өтеді.

29 тамыз күні сағат 11:00-де «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай дәріс өтеді. Сол сияқты №3 балалар музыкалық мектебінде Конституция күніне арналған ақпараттық бюллетень, №1 өнер мектебінде «Ата заң – алтын тұғырымыз» атты концерт, № 2 балалар музыкалық мектебінде «Ата заң – ел тірегі» атты концерт, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында «Халық добы» Конституция күніне арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылады.

Ал кешке 19:00-20:30 аралығында «Tynda Music» камералық ансамблі орындаған латын музыкасының концерті өтеді.

29-31 тамыз күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Сәкен Сейфуллин музейінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне «Ата заңым - Айбыным» арналған көрме өтеді.

Сол сияқты осы күндері «Шарапат», «Нұрлы жүрек», «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында Конституция күніне арналған іс-шаралар қолға алынып отыр.

Мерекелік іс-шаралардың басым бөлігі 30 тамыз – Конституция күні өтеді.
Сонымен бұл күні мынадай іс-шаралар өтеді:

* Сағат 18:00-22:00: «Астана» гольф клубында «Astana Fest» музыкалық фестивалі;
* сағат 11:00-де: «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «Ата Заңым – айбыным» көрмесі, сол сияқты «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң» дәрісі;
* сағат 12:00-де: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры алдындағы ашык алаңда мерекелік концерт;
* сағат 14:00-де және 16:00-де: Қуыршақтар театрында А.Салаеваның «Алдар көсе жайлы не білеміз?» қойылымы;
* сағат 15:00-де Триатлон паркте «Ярко-кросс» марафоны;
* «EXPO» алаңында «The Spirit of Astana» атты халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі
* Көктал, Үркер, Өндіріс, Интернациональный елді мекендерінде «Keruen Fest» жастар бағдарламасы;
* Көктал паркінде тұрғындар арасында волейболдан турнир;
* Demalys Promenade алаңында «Мектепке жол» жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама;
* Арбат аумағында патриоттық әндер караоке кеші;
* «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арнайы іс-шаралар;
* қала бойынша этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концерті;
* қала бойынша «Ата заң» тақырыбына «дөңгелек үстел».

Сонымен қатар бұл күндері спорт мектептерінің ұйымдастыруымен спартакиада, ересектер арасындағы асық атудан аймақтық ашық кубогі, пауэрлифтингтен қалалық ашық турнир, Есіл ауданы ұйымдарының ерлер командалары арасында футболдан турнир өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға