Жаңалықтар

Астанада конфессияаралық диалог тақырыбында кездесу өтті

Астанада конфессияаралық диалог тақырыбында кездесу өтті
Фото: El.kz 10.03.2023 17:40 766
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының студенттеріне дәріс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Іс-шараның мақсаты – бірегей диалог алаңы - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі мен қорытынды Декларациясының негізгі месседждерін аудиторияға жеткізу.
 
Дәріс барысында Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын бейбіт қатар өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындылары туралы айтып, оның халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға