Жаңалықтар

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті
Фото: Астана қаласы әкімдігі 11.03.2024 02:10 428

Астанада толассыз қар жауды. Көшелерді тазарту үшін түнгі ауысымда 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Астанада қар күреу тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Түнгі ауысымда қар тазалауға 200-ден астам жол жұмысшы мен 700-ден астам арнайы техника жұмыс істейді.

10 наурызда бір күнде полигондарға 27 мың текше метр қар 2,1 мың ауыр жүк рейсі арқылы жеткізілді.

Қыс мезгілінің басынан бастап 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 451 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға