Жаңалықтар

Астанада коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп тұр

Күшейтілген режимде қар шығару жалғасуда
Астанада коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп тұр
Фото: gov.kz 27.01.2023 07:14 908

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын істеуе, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

 Астанадан қыс мезгілінің басынан бері 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылғаны белгілі болды.

26 қаңтар күні таңертең елордада қар тазалау жұмыстарына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. 25-26 қаңтарға қараған түні Астанадан қар полигондарына 16 мың текше метрден астам қар немесе 1 274 рейс шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері Астанадан 2,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 212 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең, - делінген әкімдік хабарламасында.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 26 қаңтар, бейсенбіде елордада екпіні 15-18 м / с дейін жел күшейеді деп күтілуде. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруы және көктайғақты болдырмау үшін көшелерге, тротуарларға, жолдарға құм-тұз қоспасы себіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға