Жаңалықтар

Астанада көлік картасын сатып алуға арналған RTVM-автоматтар өшіріледі

Астанада көлік картасын сатып алуға арналған RTVM-автоматтар өшіріледі
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 29.03.2024 13:13 257

Астанада көлік картасын сатып алу және толықтыруға арналған RTVM-автоматтар біртіндеп өшірілетін болады. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компания мәліметінше, RTVM-автоматтарды демонтаждау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Барлығы қала бойынша 30 RTVM-автоматы бар.

30 наурызда 6 RTVM-автомат өшіріледі:

* «Северный» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 9;

* «Сұңқар» СҮ, Республика даңғылы, 26;

* «Орбита» СҮ, Петров көшесі, 1;

* «Магнум» СО, Еділ көшесі, 21;

* Ғабит Мүсiрепов көшесі, 9Б;

* «Магнум» СО, Уәлиханов көшесі, 20.

Айта кетейік, осыған дейін «Аймақ Тау» CҮ орналасқан 2 RTVM-автомат өшірілген.

Қалған RTVM-автоматтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың өшірілуі туралы қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бүгінде Астана қаласында енгізіліп жатқан жаңа электронды төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жақында көлік картасын толтырудың жаңа әдісі енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға