Жаңалықтар

Астанада көлік басқарған отызға жуық мас жүргізуші ұсталды

Астанада көлік басқарған отызға жуық  мас жүргізуші ұсталды
04.06.2023 09:54 526

31 мамыр мен 2 маусым күндері Астанада "Мас жүргізуші – қылмыскер" деген атаумен жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара аясында қала ішіндегі жолдардағы көптеген көлік тоқтатылған. Оларды тексеру барысында 28 жүргізуші алкоголь өнімдерін тұтынғаны белгілі болды. 

Жедел профилактикалық іс-шара барысында Астана қаласында 28 жүргізуші ұсталып, медициналық куәландырудан өту үшін олар наркология орталығына жеткізілді. Оның ішінде 23 жүргізушінің мас екені расталды. Ал үш адам куәландырудан өтуден бас тартып, оларға хаттама рәсімделді. Жедел алдын алу іс-шарасына Астана қалалық Полиция департаменті патрульдік полиция бөлімшесінің 25 және 6 мотовзвод экипажы жұмылдырылды, - деді қалалық ПД-ның баспасөз қызметіндегілер. 

Бұдан бөлек көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 7 мотоцикл жүргізушісі анықталды. Сондай-ақ, жол жүру ережесін сақтамай, мопед басқарған 2 азамат анықталды. Шара жүргізілген уақыттары заң талабына қайшы әрекеттері үшін 40 көлік айып тұрағына жеткізілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға