Жаңалықтар

Астанада - Көкшетау тасжолында белгісіз азамат өртеніп жатқан көліктен адамды құтқарып алды

Астанада - Көкшетау тасжолында белгісіз азамат өртеніп жатқан көліктен адамды құтқарып алды
Фото: Видеодан кадр 24.06.2023 23:25 1665

Астана - Көкшетау трассасында белгісіз ер адам өртеніп жатқан көліктен адамды құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл сәт Instagram-дағы 100baksoff парақшасында жарияланған.

Оқиға 24 маусым күні түстен кейін Ақкөл елді мекенінің маңында болған. Кадрдан ер адамның жанып жатқан көліктің терезесінен жарақат алған адамды шығарып алып жатқанын көруге болады.

Оқырмандар ер адамның ерлігіне тәнті болып жатыр:

«Батырлар арамызда жүр! Ержүрек азамат екен! Істің адамы!», «Нағыз батыр!», «Жарайсың, бауырым! Өміріңді қауіпке тіге отырып құтқардың, құрметке лайықсың», «Жарайсың, бауырым, ер жүрек екенсің, Халық қаһарманы атағын беру керек», «Өз елінің ұлы!».

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ДРУЖНАЯ ИНСТАСЕМЬЯ КАЗАХСТАНА (@100baksoff)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға