Жаңалықтар

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 25.05.2023 18:44 1261

Елордада Kiosh 2023-XI қазақстандық халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауқымды шараға шетелдік сарапшылар келіп, жұмыс орындары мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, озық әлемдік тәжірибені ескере отырып оларды шешу жолдарын талқылады.

Айта кетейік, шара 26 мамырға дейін жалғасады. Конференция шымылдығы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің құттықтау сөзімен басталды. Министрдің сөзінше аталған шара осымен 11-ші рет ұйымдастырылып отыр және 50 шақты ірі компанияның кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Жаңа әлеуметтік саясат елімізде жүргізіліп жатқан терең саяси жаңғыру мен экономиканы ауқымды трансформациялаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Оны іске асыру жолындағы маңызды қадам бұл Мемлекет басшысы қол қойған әлеуметтік кодекс, – деді ол.

Сондай-ақ, Көлгінов жаңа әлеуметтік саясат аясында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру және жұмыспен қамтылған халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру арқылы еңбек ресурстарын үнемдеуге ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Мен концепцияның негізгі мәселелерін ғана атадым. Қатысушылар осыны талқылап, еңбекті қорғау саласындағы проблемаларды мемлекеттік бақылау шараларын және еңбектің қауіпсіз шарттары мен жұмысшылардың денсаулығын қамтамасыз ететін жаңа тетіктер талқылануға тиіс. Жаңа ғана біз мұнда өтіп жатқан кәсіпорындардың қауіпсіздікке қатысты жасап жатқан жұмыстарын және шығарып жатқан өнімдерімен таныстық, – деді Алтай Көлгінов.

Осының аясында еліміз көп тәжірибе жинағанын және киімнен бастап құрал-жабдыққа дейін өнімдер шығарылатынын тілге тиек етті.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Әлі де шетелден алып келіп жатқан заттар бар. Дегенмен де отандық кәсіпорындардың тәжірибесі мол. Азаматтардың да біліктілігі артып келеді. Шетелдік ірі компаниялардың елімізде жұмыс жасап жатқанына қаншама жыл болды. Демек осы стандартты әріқарай жоғарлатуымыз қажет, – деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кiosh біртіндеп өз мәртебесін өзгертуге, ол еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы өнімдер мен қызметтерді таныстыратын көрме алаңынан тұжырымдамалық тұрғыда маңызды іс-шараға айналып отырғанын тілге тиек етті.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Еңбек ресурстарын үнемдеу еңбекке қабілеттілікті, денсаулықты, біліктілікті, еңбек өнімділігін сақтауға, еңбек қызметін жүзеге асыру қабілеттілігін, қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу қабілетін, еңбек көлемі мен қарқындылығын, адамның еңбекке психикалық жарамдылығын сақтауға бағытталған процесті білдіреді, – деді министр.

Сонымен қатар ол өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың орнына кәсіби тәуекелді бағалауды енгізу ұсынылып отырғанын айтты.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Яғни, 5 өлшемшартты еңбек жағдайларының зияндылығын, жарақат алу қаупінің көрсеткішін, жабдықтардың қауіпсіздігін, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін және сырқаттанушылық деңгейін ескере отырып жүргізілетін болады. Енгізілетін тетіктің нәтижесі кәсіпорындардың ғана емес, нақты жұмыс орындарының да кәсіби тәуекел дәрежесі бойынша еңбек жағдайларының жаңа жіктелуі болады, – деді Тамара Дүйсенова.

Конференцияда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) бас хатшысы Марсело Каэтано онлайн байланысқа шығып, 164 елдің мүшелері болып табылатын халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының Бас хатшысы ретінде, осы маңызды шараға байланысу үлкен мәртебе екенін жеткізді.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

1955 жылы дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау конгресі ұйымдастырылды. Бұл мамандандырылған комиссияның құрылуына ықпал етті. Айта кету керек, ХӘҚҚ барлық жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін «Vision Zero» стратегиясын әзірледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылдан бері Қазақстанда осы стратегияны іске асыруда ерекше серіктес болып табылатынын атап өткім келеді, – деді ХӘҚҚ бас хатшысы Марсело Каэтано.

Ал Rniiot бас директорының орынбасары Әлімжан Бекмағамбетовтің айтуынша елімізде 11-ші рет ұйымдастырылып жатқан шараның басты мақсаты еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тұжырымдаманы іске асыру екенін айтты.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Сонымен қатар идеологиялық жаңа тәсілдерін ортаға салу. Осы салада көптеген сұрақтар бар. Сол сауалдардың ішінде қазір бәрімізді толғандыратын мәселе жазатайым оқиға екені белгілі. «Vision Zero» халықаралық тұжырымдамаға қосылу арқасында біз қаншама нәтижеге жетіп, тиімділігін көріп отырмыз. Халықаралық стандарт бойынша өнеркәсіптерде 500 адамның біреуі қайтыс болса, біздің елде сол көрсеткіш өте жоғары, – дейді Бекмағамбетов.

Яғни спикердің сөзінше осындай мәселенің бар екенін жасырмай, мемлекеттік тұрғыда ауқымды шешу үшін басқа тәсілдер керек. Оның бәрі жүзеге асса, онда халықаралық стандартқа сай оң нәтижеге қол жетпек.

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Астанада KIOSH 2023 көрмесі басталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға