Жаңалықтар

Астанада кассадан ақша ұрлаған даяшы ұсталды

Астанада кассадан ақша ұрлаған даяшы ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.11.2023 16:13 608

Елордада кассадан ақша жымқырған даяшы құрықталды, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт қаланың сол жақ жағалауында орналасқан кафелердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Әріптестерінің байқамай тұрғанын пайдаланған күдікті кассадан 70 мың теңге көлемінде ақшаны жасырын алып кетіп, керегіне жаратқан.

Кассада ақша жетіспейтінін білген кафенің иесі құқық қорғау органдарына жүгінген. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға