Жаңалықтар

Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді
Фото: © Pixabay.com 08.12.2023 15:20 734

Елорадада 14 желтоқсан күні қаланың барлық кәсiпкерлiк субъектiлері үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шара аясында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормалары және www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі.

Порталға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлердің қарамағындағы қызметкерлердің деректерін енгізуге болады. Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ашық есік күні 14 желтоқсанында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі, 9-ғимарат, 326-кабинет мекенжайында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 55 68 90, 87754008002 телефондары арқылы хабарласу қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға