Жаңалықтар

Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады?

Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді.
Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады?
Фото: ашық дереккөзден 27.09.2022 07:18 2205

Астанада 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 өткізуші компания өз қызметін жүзеге асырады, деп хабарлайды EL.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша көмір қоры, бағасы және бар-жоғы туралы ақпараттарды білуге болады.

Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде:

Шұбаркөл-тоннасына 13 800 тг;

Қаражыра-тоннасына 14 500 тг;

Майкөбе-тоннасына 12 700 тг.

Ал қала тұрғындары көмірдің тоннасын 26 мың теңгеден алғандарын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға