Жаңалықтар

Астанада «JASTAR TALKS» форматында кездесу өтті

Астанада «JASTAR TALKS» форматында кездесу өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 10.11.2023 19:12 533

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен «Астана жастары» ЖРО» КММ «Jastar Talks» форматында №69 мектеп-гимназиясында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыты ретінде бейресми білім беру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына ықпал ету және жастардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық түрде өзін дамытуы үшін жағдай жасау болып саналады. Осы мақсатта «Астана жастары» ЖРО ұйымдастыратын жобалар аясында көптеген іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Бүгінгі жоба жастар мен аға буын арасында пікір алмасуға арналған ашық алаңнан тұрады. Кездесудің негізгі тақырыбы болашақ мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру, өзінің болашақ мамандығын таңдауда қолдау көрсету болды.

Спикер ретінде кәсіби бағдар беруші, шетелдік университеттердің тәлімгері Абдурашид Абдурахманұлы сөз сөйледі. Ол өмірдегі өз жолы туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу еркін форматта ұйымдастырылып, оған 70-тен астам оқушы қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға