Жаңалықтар

Астанада Jastar Fest фестивалі өтеді

Астанада Jastar Fest фестивалі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 09.08.2023 02:30 1478

12 тамызда атап өтілетін Халықаралық Жастар күніне орай Астанада Jastar Fest фестивалі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Jastar Fest 11 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де Есіл жағалауындағы амфитеатрда басталады. Іс-шараны елорда әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырады.

Жоба жастардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын ынталандыруға, ұлттық және азаматтық сана-сезімді, патриотизмді арттыруға, өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын дамытуға, жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын қолдауға және іске асыруға бағытталған.

Фестиваль аясында танымал тұлғалар өз тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ эстрада мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, сыйлықтары бар шағын конкурстар өтеді, іс-шара соңында байқаудың Instagram жеңімпаздарын жариялайды.

Jastar Fest жастардың кең аудиториясын ынталандыра түседі деп күтіліп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға