Астанада ірі қоймадағы өрт сөндірілді
13.05.2025 19:00
967

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанада базар аумағындағы ангарлық үлгідегі қоймада өрт шықты. Оқиға орнына жеке құрамның 82 адамы және 21 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын ашып, қызыл жалынмен күрескен. Алапат жалынды сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтін салдарынан қиындай түскен.
Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Өртті сөндіруге 6 су оқпаны берілді. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт болған жерді қоршады. Төтеншеліктердің жедел іс-қимылдарының арқасында оттың әрмен қарай таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірілді.
Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Келесі жаңалық
Газа секторында бір тәулікте 66 адам қаза тапты