Жаңалықтар

Астанада ІІ ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада ІІ ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT 15.02.2024 10:39 430

Астанада ауа райының суытуына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 15 ақпанда елордада қар жауып, боран болады. Солтүстік-шығыстан жел екпіні 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 болып, одан әрі төмендейді.

16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деген болжам бар. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға