Жаңалықтар

Астанада ІІ ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Астанада ІІ ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT 14.02.2024 12:15 288

Елордада қарлы бораннан екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары сабақтарын онлайн өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылғы 14 ақпанда екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді, - деп хабарлады елордалық Білім басқармасы.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 14 ақпанда елордада күн бұлтты, кейде жаңбыр аралас қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел екпіні 9-14, 15-20, түнде 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8-10 аяз болса, күндіз 0-2 градусқа төмендейді.

Бір күннен кейін анда-санда қар жауып, боран болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыс жел екпіні – 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19-ды көрсетіп, одан әрі де төмендеуі ықтимал.

16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға