Жаңалықтар

Астанада «Хан шатырдың» айналасы өртеніп жатыр

Астанада «Хан шатырдың» айналасы өртеніп жатыр
Фото: telegram 23.05.2023 17:15 834

Астанада  «Хан шатырдың»  айналасындағы енді салынып жатқан көпқабатты ғимараттарда бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаменті Мұхамедханов көшесінде салынып жатқан ғимарат өртеніп жатқанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер тілсіз жауды жоюмен айналысып жатыр.

Алғашқы жарылысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары сағат 16:28 шамасында сезінді. Одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Мұхамеджанов көшесі, 4В үйдің аумағында қара түтін мен жалындардың ұшқыны көрінеді. 

Сағат 16: 28-де Нұра ауданы Мұхаметханов көшесі, 4в көшесінде жаңадан салынып жатқан нысанда өрт шықты", – деп хабарлады ТЖД.Оқиға орнына19 құтқарушы мен 4 бірлік техника шықты, -делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, өрт орнында үш жарылыс болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға