Жаңалықтар

Астанада халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдерімен кездесу өтті

Астанада халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдерімен кездесу өтті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 20.05.2024 22:19 431

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастық мәселелері бойынша бесінші үйлестіру кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Қазақстан тарапынан Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ал гуманитарлық ұйымнан Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директор Ариан Бауэр келді.

Кездесу аясында тақырыптық брифингтер өтті.  Тараптар өзара қызығушылық тудыратын негізгі гуманитарлық, құқықтық және жедел мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға