Ат спорты федерациясының баспасөз қызметі

Астанада халықаралық ат спорты жарыстары өз мәресіне жетті

02.06.2025 16:49 2649

Астанадағы «Арғымақ» ат спорт кешенінде конкур бойынша Еуразия лигасының Әлем кубогы кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир (FEI CDI 1*) аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Армения, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы өз шеберліктерін көрсетіп, бақ сынады. Жарыстарға Әлем Кубогы кезеңі мен Халықаралық турнирлерде бұған дейінгі кезеңдердің жеңімпаздары мен болашақ дебютанттар – Евразиялық лиганың ең мықты шабандоздары қатысты.

Оқи отырыңыз:

Жарыстың маңызын арттыра түсетін жайт – конкур бойынша Еуразия Лигасының Әлем Кубогы кезеңі Астанада 10 жылдан кейін алғаш рет өткізіліп отыр. Сонымен қатар, елорда тарихында тұңғыш рет атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир ұйымдастырылды. Бұл Қазақстанда осы спорт түрінің дамуына тың серпін беретін маңызды қадам болды.

Maxima Masters Eurasia шағын командалық кубогы – конкур 130 см (2 айналым):
1 орын – Қазақстан құрамасы
2 орын – Өзбекстан құрамасы
3 орын – Қырғызстан құрамасы

Гран-при – Еуразия лигасы Әлем кубогының кезеңі, конкур 160 см:
1 орын – Камиль Сабитов (Қырғызстан)
2 орын – Ринат Галимов (Қырғызстан)
3 орын – Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан)

Турнирдің жабылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов халықаралық жарыстардың еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, оны жан-жақты насихаттау туралы барлық спортшылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Спорттық шараға төрелік еткен халықаралық деңгейдегі төрешілер турнирдің  халықаралық ережеге сай, жоғары деңгейінде өткенін айтты. Үш күндік сайыста спортшылардан өзбекстандық Хуршутбек Алимджанов, Бекзот Курбанов, Алина Шевцова, Алена Деревянконы, Қырғызстандық Камиль Сабитов, Ринат Галимовты, Екатерина Каркавцеваны, Ресей спортшысы Ксения Хайрулинаны, Армениялық Виген Констандян, Грузиялық Георгий Тохнадзе, Қазақстан құрамасының спортшылары Олег Соколенко, Нурила Тұрысбекова, Бекжан Байжанұлы, Дайана Онаева, Раиса Соколенконың жетістіктерін ерекше атап өткен жөн.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 24 000 USD. Ауқымды деңгейдегі спорттық шара қазақстандық спортшыларға өз шеберліктерін арттырып қана қоймай, шетелдің мықты шабандоздарымен бәсекеге түсіп,  халықаралық турнирлерге біліктілік жолдамаларын алу мүмкіндігін береді.