Жаңалықтар

Астанада «FOLK & SYMPHONY» концерті өтуде

Дарынды ансамблдің концертін тамашалауға барша өнерсүйер қауым жиналды
Астанада «FOLK & SYMPHONY» концерті өтуде
Фото: Нурасыл Ержанов 18.10.2022 19:40 2759

Елордада «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің төртінші күйтабағына арналған «FOLK & SYMPHONY» концерті өтуде, деп хабарлайды El.kz.

Дарынды ансамблдің концертін тамашалауға барша өнерсүйер қауым жиналды. Көрермен «TURAN» ансамблінің орындауындағы туындыларды ерекше ықыласпен тыңдауда.

 «TURAN» ансамблі концертті «Бүркіт», «Сырласу» атты күйін орындаудан бастады. 

Аталған ансамбль қазір концерттің бірінші бөлімінде авторлық туындыларын орындаса, екінші бөлімінде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрімен бірге өнерлерін көрсететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға