Жаңалықтар

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.05.2023 13:20 521

Елордада дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауқымда шараға алыс-жақын шет елден АҚШ, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Хорватия, Әзірбайжан тағы басқа 15 мемлекеттен келген үздік мамандар қатысты. Олардың қатарында ұлттық қоғамдар мен дерматовенерологтар мен дерматокосметологтар қауымдастықтарының президенттері, бас штаттан тыс мамандар, халықаралық қауымдастықтардың құрметті мүшелері, емдеу мен диагностиканың бірегей әдістемелерінің авторлары бар.

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Конгресті денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті ұйымдастырып отыр. Бұл шара осымен бас қалада 8-ші рет өткізіліп жатыр. Форумды «Астана медицина университетінің басқарма төрағасы, ректор Камалжан Надыров ашып берді. Айтуынша, конгрестің өзектілігі мен ауқымы өте кең көрінеді.

Сіздерді бұл шарадан көргеніме өте қуаныштымын. Аталған конгрес шетелдік мамандардың қатысуымен осымен 8-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мұндай ауқымды шара түрлі тері аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Әр жыл сайын форумға қатысушылардың саны артып келеді, – деді Камалжан Надыров.

Ол сондай-ақ, АҚШ-тан келген халықаралық дерматология қоғамының президенті, Бостон денсаулық сақтау жүйесінің теледерматология директоры, профессор Нелли Конниковке алғысын білдірді. Денсаулық сақтау министрлігі шараның өтуіне ерекше назар аударғанын жеткізді.

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Ректор конгрес денсаулық сақтау және ғылыми орталық өкілдерін қызықтыратынына және өте пайдалы болатынына сенім білдірді. Конгресс барысында халықаралық дерматологтар қоғамының президенті, Бостон денсаулық сақтау жүйесінің теледерматология директоры, профессор Нелли Конниковке, Латвия эстетикалық лазерлік хирургия ассоциациясының вице-президенті доктор Раймондс Карлске Астана медицина университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ, дерматовенерология ғылымын дамытуға және осы саладағы бейінді мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосқан жетекші спикерлерге алғыс хат табысталды.

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыров білікті сарапшы мамандарды толықтырған форумның бүгін және ертеңгі соңғы күнінде осы сала бойынша өзекті мәселелер талқыға салынатынын айтты.

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Жақында денсаулық сақтау министрлігі дерматология бойынша медициналық көмек көрсетудің жаңа стандартын қабылдады. Бұл өз кезегінде саланың дамуына септігін тигізбек. Конгрес арқылы мамандар өздерінің тәжірибесімен алмасып, жаңа технологияны үйренеді. Латвия, Германия тағы басқа елдерден жетекші сарапшылар қатысып отыр. Біздің мамандардың көбісі халықаралық жетекші қауымдастықтың мүшелері болып табылады. Бұл үлкен тәжірибе алмасуға апарады, – деді Надыров.

Ректор елімізде дерматология мамандарына тапшылық барын тілге тие етті. Сол себепті мемлекет бұл мамандарға арнайы грант бөлетінін жеткізді. Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып жатқан форумның ерекшелігін сұрағанымызда, жиынға қатысушылар саны жылдан жылға артып келе жатқанын және қатьсушылар бір-бірімен мамандығы бойынша біліктілігін шыңдайтынын айтты.

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Астанада эстетикалық медицинаның VIII халықаралық Еуразиялық конгресі басталды

Латвия эстетикалық лазерлік хирургия ассоциациясының вице-президенті доктор Раймондс Карлстің сөзінше, Қазақстан дерматология және дерматоонкология саласы бойынша дұрыс бағытта дамып жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға