Жаңалықтар

Астанада есірткі жеткізумен айналысқан әскери қызметкер ұсталды

Астанада есірткі жеткізумен айналысқан әскери қызметкер ұсталды
Фото: © Polisia.kz 10.11.2023 16:29 814

Астанада  есірткі қойып кетумен айналысқан "12750 әскери бөлімі" РММ бас барлау басқармасының аға офицері, подполковник Фархад Мамадияров ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Астана қалалық полиция департаментінің "Талас-611" бөлімінің қызметкерлері есірткі жеткізушілер мен қойып кетушілерге рейд жүргізеді. Олар әскери қызметкердің қалтасынан 7 пластикалық қорапқа құйылған есірткі затын тапқан. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тумасы Фархад Мамадияров өзінің Қорғаныс министрлігіне қарасты N12750 әскери бөліміне ауыстырылғанын айтқан. Олар қазіргі таңда жалдамалы пәтерде тұратыны анықталды.

Офицердің айтуынша, 7 қарашада 24 сағаттық ауысымнан шығып үйіне барған. Ал түстен кейін Көкталға есірткі алуға барған. Полиция қызметкерлерінің қолына түспес бұрын Сарыарқа ауданында сегіз адамға есірткі жеткізген.

Әскери қызметкердің біраз уақыт бұрын Telegram арқылы "есірткі қойып кетуші" болып жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Оның қылмыстық жолға түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға