Жаңалықтар

Астанада есірткі сақтаған шетелдік азамат ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Астанада есірткі сақтаған шетелдік азамат ұсталды
Фото: polisia.kz 04.12.2022 09:45 720

Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға