Жаңалықтар

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін жағдай жасалған

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін жағдай жасалған
Фото: Астана қалалық әкімдігі 06.10.2024 11:31 303

Елордада мүгедектігі бар 36 мың адам тұрады, оның ішінде 21 мыңнан астамы дауыс беретін болады. Референдум күні олардың дауыс беру пунктеріне инватакси жеткізеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінде қолайлы жағдай жасау бойынша қосымша шаралар енгізілді: пандустар, тұтқалар мен тактильді белгілер, көру қабілеті бұзылған азаматтарға аудиожазбаны тыңдағаннан кейін бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндік беретін қолжетімді трафарет, мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген учаскелерде жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар.

Астана тұрғыны Әсемгүл Әбдірахманова №83 мектеп-гимназияда орналасқан №56 сайлау учаскесіне инватакси арқылы келді. Сайлау учаскесінде оған ыңғайлы және қолжетімді дауыс беру үшін қажет нәрсенің бәрі берілді.

Учаскеге келгенімде жол тауып жүруім үшін еріктілер қарсы алды. Бұл дауыс беру мен үшін шектеулерге қарамастан барлығына кеңістікті қалай ұйымдастыруға болатынының үлгісі болды, – деп атап өтті сайлаушы.

Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға