Жаңалықтар

Астанада ерекше қажеттілігі бар баланы автобусқа кіргізбей қойған

Астанада ерекше қажеттілігі бар баланы автобусқа кіргізбей қойған
Фото: Facebook / Ақмарал Камалиева 23.08.2023 18:47 1056

Астаналық Ақмарал Камалиева есімді тұрғынның баласын екі автобустың жүргізушілері көлікке кіргізбеген. Бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әйелдің айтуынша, №12 қалалық екі автобус бір-бірінен кейін жүрді және жүргізушілердің ешқайсысы баланы қоғамдық көлікке кіргізген жоқ.

Біріншісі маған қолымен нұсқап, артта келе жатқан автобусқа мінсін деді, ал екінші автобус жүргізушісі мінейін деп жатқан кезде есікті жауып, "отырмайсыздар" деген қимыл көрсетті. Адамгершіліктен жұрдай болғаны ма, жүргізушілер автобусқа кім отырады, кім отырмайтынын шеше ме? Сонда мүгедектігі бар бала адам емес пе?! – деп жазды астаналық әйел.

Оқиғаға қатысты әкімдіктің "109" бірыңғай байланыс қызметі жауап берді.

Өтініш Астана әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығында sd10282441 нөмірімен тіркеліп, тиісті органға жолданды. Жауап белгілі органнан түскен соң беріледі, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға